Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының аралас оқыту форматына көшуіне байланысты мектеп формасы мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Вице-министр Шолпан Қаринованың айтуынша, оқу жылының басында қабылданған бұйрық өзгерген жоқ. Құжаттың күші аралас оқыту форматында сақтала береді. “Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты тағы қайталап айтамыз, мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне лайықты, таза, ұқыпты киіммен мектептегі сабақтарға қатыса алады”, – деді Қаринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Айта кетейік, бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша 1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушылары аралас форматқа ауыстырылды.