Оқушылардың онлайн сабағына тағы да кедергі жасалды. ZOOM платформасынан кезекті шу шықты. Ақтөбеде математика сабағында белгісіз біреу оқушылардың атымен кіріп, балағат сөздер жазған. Мұғалім сабақты дереу тоқтатыпты. 6-сынып оқушыларының ата-аналары келеңсіздікті әлеуметтік желіде жариялап, білім платформасының қолайсыздығын айтқан деп хабарлайды “Астана” арнасы.
Ата-аналар балалардың психикасы бұзыла ма деп қауіптенеді. Қазір полиция онлайн сабаққа қатысты тексерісті бастап кетті. Мектеп басшылығы пән мұғалімінен түсініктеме алынған. Айтуларынша ұстаз онлайн сабақты ашық қалдырған, осы кезде сабаққа бөтен адам кіруге мүмкіндік алған.
“Сабақ барысында балаға балағат сөздерді айтқан оқушы емес екендігі анықталды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлнәз Мырзағалиева. Айта кетейік, бұған дейін де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында сабақ кезінде порно қосылып кеткен болатын.