Қаржы мониторингі агенттігі осылай деп хабарлайды. Ақшаны ол 2012-2017 жылдар аралығында қайтарымсыз кредиттер беру арқылы шығарып отырған. «Delta Bank» топ-менеджері болған астық олигархы банктен қаржы жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеу кезінде оның туыстарына тиесілі 48 миллиард теңгенің мүлкін пайдалануға тиым салынды. Тізімде 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлік және 40 автокөлік бар. Соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Латвия және Чехиядағы активтерге тыйым салынды. Еске салайық, ол Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің тізіміне кірген. Жалпы топ-менеджерлердің қылмыстық әрекетінен 200 млрд теңге, 200 млн доллар және 4 миллион еуро шығын келген. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды, айыпталушылар қамауда.