Олимпиада алдында Париждегі 5 мың үйсіз адам қаладан шығарылды. Мақсат – Париждегі олимпиадалық нысандардың жанындағы көшелерде жүрген үйсіздердің санын азайту. Олардың көпшілігі ерлер. Франция билігі оларды Лион, Марсель қалаларына автобуспен баруға көндірген. Жаңа қалаларға келгеннен кейін үйсіздер жергілікті баспаналарда үш аптаға дейін тұра алады. Тексерістен өткен адамдарға ғана ұзақ мерзімді баспана беріледі. Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты бүгін Астана уақытымен 22:15-те басталады.