Қазақ боксшысы Сәкен БИБОСЫНОВ (52 келі) Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды. Қазақ спортшысы испаниялық қарсыласы Габриэль ЭСКОБАРДЫ жеңді. Сәкен бірінші раунда қарсыласын нокдаунға жіберді. Барлық раундта басым көрінгенімен қазылар 3-2 есеппен жеңісті қазақ боксшысына берді.