Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа осындай үкім шығарылды. «А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды», – делінген хабарламада. Пара берушіге 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Ол 3 жыл 6 ай мерзімге сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.