Қорғаныс министрлігінің офицері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен ұсталды. Ақмола гарнизоны әскери бөлімі батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі осылай деп хабарлады. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.