Орал қалалық соты жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан он жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісіне қатысты үкім шығарды. Жол апаты он жастағы Бақтияр Болат самбо күресі секциясына баратын оқушылар сарайына қарама-қарсы бетте болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сотта 2020 жылдың 17 қарашасында 22 жастағы Алтынханым Серікова Hyundai Tucson көлігімен баланы қағып кеткені анықталды. Әйел жаяу жүргіншілер өткелінің алдында тоқтамаған. Сот үкімімен жас әйел бас бостандығынан және бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жазасын колонияда өтейді.