Дәрігерлер анафилаксиялық шок болғанын айтады, деп хабарлайды Мой город порталы. Жәбірленушінің айтуынша, оған шашын боярда сынама жаслмаған. Сондай ақ, маманның бақылауымен стажер бояған. Салдарынан, әйелдің бүкіл денесінде қышу пайда болған. жәбірленуші шашын жуып тастауды өтінгенімен маман сөзіне құлақ аспаған. Кейін әйел ауа жетпей талып қалған. Салон иесі жедел жәрдемді бірден шақырмай өз дәрігерлерімен кеңескен. Кейін әйелдің жағдайы нашарлағаннан кейін барып, жедел жәрдем шақырған. Квинке ісігі мен анафилаксиялық шок диагнозы қойылды. Зүлфия бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатқанын, дәрігерлердің көмегімен аман қалғанын алға тартты. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында оған салоннан ешкім қоңырау шалмаған, кешірім де сұрамаған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.