Ақ түтек боранға байланысты Қостанай облысында республикалық және облыстық деңгейдегі 9 жол учаскесі жабылды. Күннің райы тұрақталып, трассалар қалың қардан тазартылмайынша, барлық көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бүгінде қар құрсауында қалғандар үшін жолдар бойында 23 жылыту бекеті ашылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін олар төсек-орын, азық түлікпен жабдықталған. Әзірге көлігі сынып, жолда қалғандар құтқарушылардың көмегіне жүгінбеген, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.