Қостанай облысында 4 күннен соң су тасу қаупі болатыны ескертілді

Қостанай облысында 4 күннен соң су тасу қаупі болатыны ескертілді. Облыс әкімінің орынбасары Берік Таңжарықовтың айтуынша, Наурыз мерекесі қарсаңында ауа райы +17 градусқа дейін жылынып, қардың еруі болжанып отыр. Су тасқынының жоғары деңгейі Наурыз айында, бәлкім сәуір айының басына дейін болады. Дегенмен әкім биыл былтырғыдай ауқымды су тасқыны болмайтынын жеткізді. Қазір Қаратомар су қоймасынан секундына 10 текше метр санитарлық су ағызылып жатыр. Әзірге су тасқыны Ресеймен шекарадағы Мариновка ауылына кіреберіс тас жолда ғана тіркелген. Басқа жолдарда су басу қаупі әлі жоқ. Естеріңізге сала кетейік, былтыр еліміздің бірнеше облысы мен аймақтарында су тасқыны болған еді. Биыл 8 облыс су тасу қаупі жоғары аймақтар қатарына кірді.