Қостанай облысында карантин шаралары қатаңдатылды

Шектеу шаралары 23 маусымнан 30 маусымға дейін енгізіледі. Бұл туралы аймақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі (кезекші топтарды қоспағанда) тоқтатылады. 20 адамға дейінгі топтармен ашық кеңістікте жаттығуды қоспағанда, спорт кешендерінің, үйірмелердің, секциялардың жұмысына тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына шектеу қойылады. 27-28 маусым аралығында Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаковск, Арқалық, Тобыл қалаларының аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады.