ТЖМ басшысы Юрий Ильин осылай деп мәлімдеді. “Қазір жағдай қалыпты. Бүгін түнде Бағаналы ауылындағы жағдай шиеленісіп, төтенше жағдай министрлігінің күштері мен құралдары ауылды қорғады. Қазіргі уақытта ауылға қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті жою бойынша шаралар қабылданып жатыр. Орман шаруашылығы комитеті мен төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, Ішкі істер басқармасы, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның бекітілген күштері жұмыс істеп жатыр”, – деді Ильин. Министрдің айтуынша, Аманқарағай ауылында қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр, желдің салдарынан мезгіл-мезгіл өрттер шығып тұрады. Қоса кетейік, төтенше жағдай аймағында аэровизуалды ұшу қолға алынған.