Жүргізушілер түсірген видеодан мұздың жол бойымен қозғалып бара жатқанын көруге болады. Бұл туралы Аlau.kz сайты хабарлайды. Қостанай облысы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев 18 сәуірден бастап мұз сеңінің кесірінен жолдар жабылғанын айтты. “Бұл Сарыкөл ауданындағы республикалық маңызы бар жол. Биіктігі 5 метрге дейінгі мұз сеңі шамамен 500 метр жолды жауып тастады. 19 сәуір таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша, 50 метр мұзды алып тастау ғана қалды. Бұл табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желден болып отыр”, – деді Олжас Нұрғалиев.