Заң бойынша мердігер аталған қалдықтарды әр 3 күн сайын өзінің Астана қаласының маңындағы кәдеге жарату цехына апарып тұруы тиіс. Осы тұста кәсіпорын елордаға қауіпті жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған көлікті емес, жалға алынған кәдімгі жүк көлігін пайдаланған. Осы дәйек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл қылмыс үшін 11 млн. теңгеге дейiнгi айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу, 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, я болмаса, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.