Қайғылы оқиға 16 маусым күні Баймағамбетов көшесінде болды. Облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұл туралы жергілікті “Наша газета” басылымы жазды. “Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” 99-бабымен қарастырылған сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады полиция. Қылмыстың себебі тексеріліп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйелге бірнеше рет пышақ сұғып алған, кейін өзін жарақаттаған. Сондай-ақ куәгерлер ер адамның қайтыс болған әйелдің бұрынғы күйеуі болғанын айтады. 1984 жылы туған ер адам ішіне пышақ салған. Екінші бригаданың көмегімен ол ауруханаға жеткізілді.