Қостанайда әйелін өлтірген бұрынғы полиция қызметкері 9 жылға сотталды. Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы жұбайын электр сыммен тұншықтырып өлтірген. Қостанай облысының соты осылай деп хабарлады. Қайғылы оқиға былтыр қарашада болған. Ол қылмысты жасыру үшін әйелдің денесін гаражға апарып, оны өз-өзіне қол жұмсаған етіп көрсеткісі келген. Сот медициналық сараптама әйелдің механикалық асфикциядан (тұншықтыру, қылғыну) көз жұмғанын анықтаған. Сотталушы полиция аға лейтенанты арнайы шенінен айырылды.