Қостанайда субсидия ретінде бөлінген 500 миллион тенгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен ұйымдасқан топ ұсталды. Олардың қылмыстық әрекетін прокуратураның араласуымен қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті әшкерледі. Күдіктілер 2022 жылдан бері ет өңдеу зауытына мал өткізді деген жалған құжатпан субсидия алып келген. Түскен ақшаны өзара бөлісіп отырған. Бастапқы мәлімет бойынша, қылмыстық топ құрамында оннан астам адам болған. Сот санкциясымен әзірге олардың ұйымдастырушысы және оның екі сыбайласы қамауға алынды. Қалғандарына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану қарастырылып жатыр.