Қостанай облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес облыс орталығында санитарлық блок бекеттер қойылды. Полиция көліктерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz порталы. Жаңа шектеу шараларына сәйкес, Қостанай қаласынан кіріп-шығуды растайтын құжат болған кезде ғана шығуға болады. Азамат қызмет бабы бойынша облыс аумағында жүріп-тұруы үшін жұмыс берушінің мөрі басылған анықтамасы болуы қажет. Полиция қазір қалада блок бекеттердің қалай жұмыс істеп жатқанын айтып берді.