Қостанайлық полицей “синтетика” таратқаны үшін 15 жылға сотталды. Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасарына қатысты іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Полицей өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтады, тасымалдады, сол сияқты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды. Сотталушы “полиция капитаны” арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды, – деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.