Қостанайлықтар енді үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс бере алады, деп хабарлайды «Хабар 24». Онлайн қызмет смартфондағы банк қосымшасына енгізіліпті. Сатылымда әзірге Шұбаркөл көмірі бар. Бір тоннасы 16 мың теңгеден басталады. Қаласаңыз, қыстық отынды несиеге немесе алты айға дейін бөліп төлеп алуға да болады. Жақын арада көмірдің басқа да түрлері пайда болады. Бұл туралы облыстық энергетика басқармасының өкілдері мәлім етті. Цифрлы жүйе өткен аптада іске қосылды. Жалпы биыл аймақ бойынша 465 мың тоннаға жуық көмір дайындау жоспарланған.