Қосылған құн салығы өссе, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруге 800 млрд теңге жұмсалады

Қосылған құн салығы өссе, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруге 800 млрд теңге жұмсалады
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы (ҚҚС) көтерілген кезде, әлеуметтік төлем, зейнетақы мен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы қалай индекстелетінін айтып берді. Оның сөзінше, салық мөлшерлемесі тіпті 20%-ға дейін көтерілген жағдайда, бұл өзгерістер мемлекетке шамамен 800 млрд теңгеге түседі. Вице-премьердің айтуынша, бұл сома бюджет үшін айтарлықтай қиындық тудырмайды. «Бұл соманы ұстап тұра аламыз деп сенімді түрде айта аламыз. Барлық қажетті есеп әртүрлі сценарий бойынша жасалып қойған. Қазіргі уақытта Экономикалық зерттеулер институты бизнестің ықтимал реакциясын зерттеп жатыр», – деді Жұманғарин. Алайда министр индекстеу тетіктеріне қатысты нақты мәліметтер бермей, негізінен өз ведомствосының жұмысына басымдық берді.