Отандық әуекомпаниялар бірқатар елге әуе рейстерін тоқтатты

Отандық әуекомпаниялар бірқатар елге әуе рейстерін тоқтатты. Бұл Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шара. “Мәжбүрлі шаралар қаруды қолдану қаупі, навигациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі, әуе қорғанысы жүйелерінің белсенділігі және азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін жоғары тәуекелдерге байланысты қабылданды”, – делінген көлік министрлігінің хабарламасында. Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейстің уақытша тоқтатылуы 1 734 жолаушыға әсер еткен.