Отшашу ату кезінде ереже бұзғандар қанша айыппұл арқалайды

Отшашу ату кезінде ереже бұзғандар қанша айыппұл арқалайды
Полиция мен төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері Алматыдағы брифингте отшашуды қолдану ережелері мен оны бұзғандарға қандай шара қолданатанынын түсіндірді. Қазақсандықтар білуге тиіс ең басты шарт – отшашуды арнайы белгіленген жерлерде ғана атуға болады. Арнайы белгіленген жерлер деп тұрғын үйлерден кем дегенде елу метр қашықта орналасқан бос алаң деп түсінген абзал. Бұған қоса, ол жерде ағаштар, электр желілері және от тиіп кетуі мүмкін басқа да кедергілер болмауы керек.
Пиротехниканы рұқсат етілмеген жерлерде атып, адамдардың мазасын қашырғандар, алайда орасан зор залал тигізбегендер 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 73 840 теңге немесе 2025 жылы 78 640 теңге айыппұл төлейді. Отшашудың бәрі тәркіленеді.
Арнайы құжатсыз пиротехника сатқандарға 25 АЕК көлемінде, яғни 92 300 теңге немесе 2025 жылы 98 300 теңге айыппұл салынады.