Атырауда дәрі таба алмай әбден ашынса керек, әлдебіреулер орталық көшелердің бойындағы дәріханаларды тонай бастады, деп хабарлайды КТК арнасы.
Дәріхана есігін бұзып кіргендер қазір ел таппай сандалып іздеп жүрген аспирин, парацетамол және балаларға қажет жөргектерді ұрлап кеткен.
Ұры алысқа ұзамай ұсталыпты. Дегенмен тәртіп сақшылары оның әрекетін амалдың жоқтығынан емес, “кәнігі ұрының қанға сіңген қасиеті” деп отыр.
Дәріхананың ішіне кірген белгісіз адам дәрілермен қоса ноутбук пен памперстерді қолды еткен. Полиция қызметкерерлері 1994 жылғы туған азаматты анықтап, құрықтады.