Париж Олимпиадасына 8,8 миллионнан астам билет сатылды

Париж Олимпиадасына 8,8 миллионнан астам билет сатылды. Бұл Франциядағы спорттық іс-шаралар тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) спорт директоры Кит Макконнелли осылай деді. Бұған дейін 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада ең көп 8,3 миллионнан астам билет сатылған. Олимпиада ойындары кезінде 30 мыңға жуық маман қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді. Париж Олимпиадасына Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Байрақты бәсекешілденің 26-сы мен тамыздың 11 аралығында өтеді.