Париж Олимпиадасында алтын алғым келді

Париж Олимпиадасында алтын алғым келді. Ұлттық құрама боксшысы Назым Қызайбай жекпе-жектен соң берген сұхбатында осылай деді. Жерлесіміз қытайлық қарсыласы Ву Юды жеңу үшін барын салды. Әттеген-айы сол, бәрі ойдағыдай болмады. Естеріңізге сала кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында қола жүлдеге ие болды. Бокстан құрамаға алғашқы медальді сыйлаған батыр қыз Назымға еш назымыз жоқ. Қола құтты болсын, Қазақ елі!