Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Себебі саясаттағы монополия әлеуметтік наразылықтарға себеп болады. Сондықтан саяси үстемдікке тосқауыл қою қажет. Бұдан бөлек, президент Есеп комитеті, Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясының қызметкерлері партия қатарынан шығуға тиіс деді. Ал әкімдер мен әкім орынбасарларына партия филиалдарын басқаруға тыйым салынады. “Осы шешімдер көпполюсты партиялық жүйені құруға мүмкіндік береді. Бүгінде барлық қоғам саяси және экономикалық монополияның қаңтар оқиғасына түрткі болғанын түсініп отыр”, – деп түйіндеді Тоқаев.