Павел Дуровқа қатысты сот процесі бір жылсыз басталмайды. Франция прокуратурасының өкілі Мейлис Де Рек осылай деп мәлімдеді. Тергеушілердің айтуынша, Telegram-да кәмелетке толмаған қыздарды қудалаған күдіктінің жеке басын анықтау операциясы кезінде оның жас қызды зорлағаны анықталды. Олар Telegram-нан күдіктіге қатысты мәліметтерді сұратқанда компания бас тартқан. Бұл ақпаратты прокуратура өкілі растады. Сонымен қатар ол компанияның басқа құқық қорғау органдарының өтініштеріне де жауап бермегенін жеткізді. Бір ғана француз жандармериясы 2013-2024 жылдар аралығында Telegram-да жауапсыз қалған 2460 жағдайды тіркеген. Сол себепті Мейлис де Рек қамауға алу туралы шешім қабылданғанын айтты. Бүгінде Павел Дуровқа 12 түрлі айып тағылған.