Павлодар қаласында отбасылық жұп “телефон” алаяқтарына көмектескен

Павлодар қаласында отбасылық жұп “телефон” алаяқтарына көмектескен. Оларды полиция қызметкерлері ұстады. Жедел іздестіру іс-шаралары ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен жүргізілді. “Жалдамалы пәтерде әрқайсысында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғысы анықталды. Онда отандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді. Отбасылық жұптың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.