Павлодар облысында демалыс орындары ашылады. Облыстың бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, екі айдан астам уақыт бойы жұмыс істемеген бұл нысандар енді демалушыларды қайта қабылдай бастайды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Шипажайлар мен курорттық нысандар санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтаулары шарт. Құжатқа сәйкес, бетперде режимі де қатаң сақталады. Сонымен қатар туристік базалардың жанындағы жағажайларда демалуға рұқсат. Кешкі сағат 20:00-ге дейін суға түсуге болады. Карантин режимін жеңілдету аясында мониторингтік топтар екі ай бойы бақылау жүргізеді.