Бір мезгілде Павлодар және Екібастұз қалаларының аумағында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысқан 5 боди-массаж салонының жұмысы тоқтатылды. “25 тінту іс-шарасы өткізілді. Полиция органдарына 30-дан астам адам жеткізілді. Тінту барысында 10 млн теңге және 1600 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат, екі аңшы мылтығы, екі газ тапанша, кастет, рөлдік ойындарға арналған киім жинақтары, маскалар, қамшылар, кісендер, жарнамалық өнімдер, прайс-парақтар, визиткалар және сыйлық сертификаттары тәркіленді. Полицейлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсететін жоғарыда аталған массаж салондарының иелері мен ұйымдастырушыларын анықтады”, – деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов. Қазіргі уақытта 4 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.