Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Қайғылы оқиға Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің күнқағарына құлаған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған. “Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған”, – деп хабарлады басқармада. Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.