, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сот үкімінде ол күзету тобы полицейі бола тұра, қылмыстық құқықбұзушылыққа барғаны көрсетілген. бұрынғы тәртіп сақшысын күш қолдану арқылы лауазымын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырылды, оған қоса сот оны полиция сержанты атағынан айырды және жәбірленушіге моральдық зиян келтіруіне байланысты 400 мың теңге төлеуге міндеттеді. Айта кетейік, Оқиға 2019 жылы тамызда полиция бөлімі ғимаратында болған. Тойдан шыққан екі ер адам осы бөлімге жеткізілген. Сотта жастарды полицияға тек жергілікті айықтыру бөлімдерінде бос орын болмағандықтан әкелгені анықталды. Ол ер азаматтың бірін бірнеше рет ұрған. Сот сарапшысы қорытындысы бойынша жәбірленушіге кемінде жиырма төрт соққы жасалғаны анықталды. Ми жарақатынан басқа, бетінде, денесінде және қолында көптеген ісу және көгеру белгілері болған.