Павлодарда лауазымды тұлға ұсталды

Павлодарда “ҚТЖ” филиалының басшысы ұсталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі. Филиал басшысын Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ұстады. Ол өзінің орынбасарымен бірге төрт жыл бойы қоластындағы 100-ден астам адамнан ай сайын 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақша алғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.