Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды сырт киімсіз аулада ұстап, ұрып-соғып азаптап келген

Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды сырт киімсіз аулада ұстап, ұрып-соғып азаптап келген

Ақсу қаласының прокуратурасы бақылау жұмыстары кезінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде тағы да қарттарды азаптау фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қарттар үйіндегі бейнекамераларда түсірілген жазбаларда жантүршігерлік кадрлар бейнеленген. Мекеме қызметкерлері екі қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, оларға зорлық-зомбылық көрсеткен.

Зәбір көрген қарттың бірінің жасы – 84-те. Пансионат қызметкерлері оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.

“Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір барлық кінәлі адамдар анықталды”, – деп мәлімдеді ведомство.