Ведомствоаралық комиссияның төрағасы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін облыс әкімдігіне 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды:
Павлодар қаласының периметрі бойынша блок бекеттер орнатылады;
күн сайынғы өсім 10-нан астам жағдайда елді мекендерде санитарлық блок бекеттер орнатылады;
мына бағыттар бойынша әуе қатынасы қысқартылады: Павлодар-Алматы аптасына 10 рейстен 5 рейске дейін;
Павлодар-Нұр-Сұлтан 3 рейстен 1 рейске дейін;
Павлодар-Шымкент аптасына 2 рейстен 1 рейске дейін;
Павлодар-Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдары аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқартылады; жолаушылар теміржол құрамаларының облыс ішінде аялдауына (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда) тыйым салынады;
діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметі уақытша тоқтатылады;
қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 20:00-ге дейін шектеледі;
офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салынады;
қызметкерлердің кемінде 80%-і қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіріледі;
65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға кеңес беріледі.
Демалыс және мереке күндері:
қоғамдық көліктің (трамвайлар, автобустар, маршруттық таксилер) жұмысы тоқтатылады;
жабық және ашық азық-түліктік емес және азық-түлік базарларының жұмысы тоқтатылады;
моншалардың, сауналардың жұмысы тоқтатылады; қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тек тапсырыс берушіге жеткізу форматына көшіріледі.