Перизат Қайратты тергеу наурыз айында аяқталады
Қайырымдылыққа бөлінген қомақты қаржыны ұрлады деген күдікке ілінген Перизат Қайратты тергеу келесі айда аяқталады. Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов аты-шулы істің жаңа мәліметтерімен бөлісті. Оның айтуынша, қаңтардың аяғында жаңа эпизод тіркелген. Күдікті мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін аукцион ұйымдастырып, ақша жинаған. «Тек осы эпизод бойынша 22 млн теңге тауып, қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсады», – дейді құзырлы орган өкілі. Іс бойынша Перизат Қайраттың анасы да күдікті ретінде танылған. Наурыз айында тергеу аяқталған соң, іспен танысу процесі өтіп, сотқа жіберіледі.