Петропавлда жігітті пышақтаған мектеп оқушысы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оқиға мамыр айында Петропавл қаласындағы № 44 орта мектептің аумағында болған. Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Сотталған бозбала жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.