Бұл туралы Атырау облысының білім басқармасы хабарлады. Еске сала кетсек, 77 адамнан тұратын топ “Атырау-Астрахань” пойызымен Железноводск қаласындағы “Қазақстан геологы” санаторийіне бара жатқан. Жолға шыққаннан кейін 1,5 сағаттан соң балалардың бірі өзін жайсыз сезінгеннен кейін жедел жәрдем шақырған. Нарын станциясына келген жедел жәрдем бригадасы баланың қайтыс болғанын анықтады. “Пойызда жолаушылар өздері алып келген тамақты ішкен”, – дейді ведомстводағылар. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Білім басқармасы қайтыс болған баланың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.