Нұр-Сұлтанда криминалды полиция қызметкерлері аса ірі көлемде алаяқтықпен айналысқан елорданың 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам OLX хабарландырулар сайты арқылы Ресейде есепте тұрған машиналарды бір тәулікке жалға алып, басқа адамдарға сатқан. “Жас жігіт осы әдіс арқылы 7 адамды 12 миллион теңгеге алдап соқтs”, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің осы тектес басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.