Қазақстандық файтер “Найман” әлеуметтік желіде зорлық-зомбылыққа үгіттегені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу шараларының қорытындысы бойынша нақты процессуалды шешім шығарылады. Хамитовтың әрекетіне құқықтық баға беріледі, делінген сайтта.
Биліктің заңды талаптарына белсенді бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке және азаматтарға қатысты күш қолдануға шақыру, арандату үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.