Премьер-министр Асқар Мамин карантинді жеңілдету жоспарын әзірлеуге тапсырма берді.Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде індеттен жазылып шыққандардың саны 73,6 процентті құрап отыр. Ауруханалардың жүктемесі 61 процентке, ал жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 62 процентке төмендеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың репродуктуктивті өсімі, яғни, вирустың бір адамнан таралу көрсеткішінің айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді.