Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлады Ақорда сайты. Жарлықта Алматы облысының орталығын Талдықорғаннан Қонаев қаласына (Қапшағай) көшіру, Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру және бір ай ішінде ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарын бекіту қажеттігі жазылған. Жарлық 8 маусымнан бастап күшіне енеді.