Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға тоқталды. «Қазақстан тәлібтер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады. Өйткені қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды әрі бүгінгі режим ұзақ мерзімді фактор болады деп ойлаймыз», – деді мемлекет басшысы. Президент терррорлық қауіп-қатермен күресу және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымға мүше елдер азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдау қажет екенін айтты.