Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді. Естеріңізге сала кетейік, «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан жеті жұмысшы қаза болған.