Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина салдырды

Ол коронавирусты ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана жеңуге болатынын айтты. Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған “Спутник-V” вакцинасын салдырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Оның айтуынша, президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ.