Президент елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды

“Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арнасына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу керек. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік “рәсімнен” өткен автокөліктерге қатысты болуы керек”, – деді президент.