Президент тұрғын үй мәселесі бойынша маңызды тапсырма берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұрғын үй қорын басқаруды реформалау қажеттігін мәлімдеді. “Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қажет”, – деді Президент. Мемлекет басшысы бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу керек екенін айтты. “Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 млн. шаршы метр). Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн” деді Тоқаев.