Тергеу мәліметтерінше, күдіктілер Алматы метросының жаңа желісін салу кезінде ауқымды басқару функцияларын атқарған. Қылмыс жасап, 5 миллиард теңгені жымқыруға мүмкіндік берген де – осы өкілеттіктер. “Ол үшін олар жалған баға ұсынысын жинауды ұйымдастырып, солардың негізінде құнынан 10 есе жоғары бағаға құрал-жабдықтарды сатып алудың сметасын қалыптастырды. Кейіннен ұрланған қаражат “жалған кәсіпорындар арқылы” өндірілді”,- деді ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі. Ұрланған заттарды қайтару үшін күдіктілердің бірқатар мүлкі тәркіленген. Бүгінде қылмыстық іс сотқа жіберілді.